Елорда тынысы

Ozon фулфилмент орталығы ашылды

Кеше елордада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Ozon фулфилмент орталығын ашты. Бұл – кәсіпкерлерге онлайн-бизнесті кеңейтуге мүмкіндік беретін ірі логистикалық хаб.

«Бұл нысан 9 млн-ға дейін азық-түлік тауарларын, құрылыс материалдарын және тағы басқаларды сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ фулфилмент орталық 40 млрд теңге жекеменшік инвестиция тартуға жол ашып берді» деді қала басшысы. Ол елордамыздың экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрайтынын атап өтті. «Қала тұрғындары мен қонақтары күн сайын кәсіпкерлердің қызметін пайдаланады. Сондықтан біз кәсіпкерлерді қолдау, жеке инвестицияларды тарту, қаланың бизнес-ахуалын одан әрі жақсарту бағытында үлкен жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл 25 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, бұл – өнеркәсіп, логистика, медицина, білім беру, спорт, АӨК және т. б. салалардағы жобалар» деп түсіндірді Ж.Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button