Елорда тынысы

Пәтер алғысы келген астаналықтарды алдаған әйел сотталды

Елордада 41 жастағы тұрғын баспана алғысы келген азаматтарды 525 миллион теңгеге алдап кеткен. Сот әйелді 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ішкі істер министрлігі медиа-порталының мәліметінше, Астанада 41 жастағы әйел тұтыну кооперативін тіркеп, салымшыларды компания қызметпен заңды түрде айналысатынына сендірген. Әйел тіпті кеңсені жалға алып, әлеуметтік желілерде жарнамаларды белсенді түрде таратқан. Әйел «Отбасы», «50-де 50», «Тез арада бөліп төлеу» және «Жинақ» деген бағдарламаларды ойлап тауып, арқылы тұрғын үй сатып алуға көмектесеміз деп уәде берген. Полицейлердің мәліметінше, салымшылар кооперативтің арнайы ашық есеп айырысу шотына ақша аударған, әйел бұл активтерді кейбір салымшылардың есебінен бөлу арқылы басқа салымшыларға Астана қаласы, Ақтау, Атырау Ақмола облысы бойынша кезек бойынша баспана сатып алған. Кезегі келмеген қалған 16 салымшыға жалпы сомасы 525 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген. Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленіп, басшылық қызмет атқару құқығынан айырумен алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. «Сотталған азамат жазасын өтеу үшін Семей қаласындағы қауіпсіздігі төмен мекемеге жіберілді. Ол тұрмыста емес және кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеген» — деді мекеме басшысының орынбасары Нұрым Баяхметов.

 

Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button