Мәслихат

Пайдалануға беру мерзімі неге кешікті?

Ләззат Разбекова-Төлеуханова Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы мен Жол картасы негізінде «Өндіріс» тұрғын алабында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені мәселесін де көтерді. Бұл нысанды пайдалануға беру мерзімі кешіктіріліп жатыр. Депутат кешенді аралап, қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасқановқа тиісті сауал жолдады.

[smartslider3 slider=1423]

«Аралау барысында орындалған жұмыстардың актісі өткізілмегені, желдеткіш пен бейнебақылау орнатылмағаны, санитариялық тораптың құрылысы бітпегені белгілі болды.

Дене шынықтыру сауықтыру кешеніне қарасты №7 спорт мектебінің директоры А.Имашев пен «Өндіріс» тұрғын алабының инспекторы Д.Сугембаевпен бірлесе отырып, құрылысты кешіктірген мердігер компания «Лидер» ЖШС-ның директоры А.Худайбердиевтің үстінен шағым түсірдік. Қатаң шара қолданылуын талап етеміз. Себебі «Өндірістің» тұрғындары орталықтың уақытылы қолданысқа берілмей жатқанына наразы­лықтарын білдіріп, арыздарын жеткізіп жатыр. Әрі бұл Жол картасының уақытылы жүзеге аспауына себеп болып отыр. Nur Otan партиясының төрағасы бекіткен Жол картасына сәйкес бұл нысан 6 шілдеде – Елорда күніне орай ашылу керек еді» делінген депутаттық сауалда.

Нұр-Сұлтан қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасқанов жауап берді.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 73-бабына сәйкес салынған объектіні пайдалануға қабылдау мен беруді тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес ол толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді.

Осыған байланысты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы объектіні пайдалануға қабылдағаннан кейін ҚР қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес мүмкін болады.

Мердігер ұйым – «Лидер-НК» ЖШС бойынша шарттық міндеттемелерді орындамауға, атап айтқанда, объектіні уақтылы пайдалануға беруге байланыс­ты Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына серіктестіктен тұрақсыз­дық айыбын өндіріп алу және серіктестікті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы өтініш білдіргенін хабарлаймыз. Талап арыз сотта азаматтық істі қарауға дайындық сатысында» делінген жауап хатта.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button