Ел тынысы

«Пайдалы 15 минут» – креативті әдістеме

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі «Пайдалы 15 минут» айдарын ойлап тапқан үздік сынып жетекші, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
5-сыныптың жетекшісі Айнұр Мырзағұл «Пайдалы 15 минут» айдарын ойлап тауып, оқушыларымен жүйелі түрде өткізіп отырады.
2018 жылы мектепке жас маман болып келген ұстаз еңбек өтілін әлеуметтік педагог, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлығынан бастаған.
Биылғы оқу жылынан бастап өз өтініші бойынша сынып жетекшілік қызметті атқарып келеді.
«Сынып жетекші болып, бала тәрбиелеуде шынайы бір нәтиже көрсеткім келді. Құндылық жобасы – мені өзгерткен жоба деп айтсам артық емес. Оқушыларға тәрбие мен білімді шын ниетіңмен жақсы көре отырып берсең, қалаған нәтижеге жеткізуге болады. Балалардың оқуға деген құштарлығын ояту үшін олардың деңгейіне түсіп, бірге ойнап, күлу және шынайылық таныту маңызды»,- дейді Айнұр Русланқызы.
2 жылдан бері «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасына жетекшілік жасаған ұстаз «Пайдалы 15 минут» айдарын қыркүйек айынан бері өз тәжірибесінде жүзеге асырып қана қоймай, нәтижесін көрсетіп келеді.
«Айнұр Русланқызының «Пайдалы 15 минут» айдары қызықты әрі пайдалы жоба. Қазіргі таңда мектеп оқушылары түгел қатысады. Үлкен үзілістегі 15 минутты пайдалы өткізу қазіргі таңда балаға да, сынып жетекшілерге де ұнайды. Асханаға да, әжетханаға да, кітапханаға да барып келіп жататын оқушылар өз достарымен бірге өткізетін “Пайдалы 15 минутқа” да үлгеріп жатады. Атауы 15 минут болғанымен, оның жарты уақыты оқушылардың жеке қажеттілігіне жұмсалып жатса, 5-7 минуты аталмыш пайдалы әрекетке жұмсалуда»,-дейді мектеп директоры Гүлжан Төлеуова.
Әртүрлі форматта, платформаларда өткізілетін ойындар мен іс-шаралар оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Айнұр Русланқызы балалармен бірге үлкен үзіліс уақытында зияткерлік іс-шаралар, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізді дәріптейді, тіпті кітап оқуды да әдетке айналдырды. Ең бастысы жасалып жатқан жұмыстар оқушылардың көңілінен шығып, қызығушылықтарын арттыруда.
«Биыл 5-сыныпқа алғаш қадам басқан уақыттан бастап сынып жетекшіміз Айнұр Русланқызы үзіліс уақытында бізге түрлі іс-шаралар, ойындар өткізіп келеді. Алғашында қоңырау соғылғанда дәлізге жүгіруге асығып тұратынбыз. Қазір мұғалімнен өзіміз қандай шара болатындығын және ойын түрін сұрап тұрамыз. Апайдың күнделікті біз үшін ұйымдастыратын ойындары, іс-шаралары бізге ұнайды әрі пайдалы»,- дейді 5-сынып оқушысы Жаннұр Шераханова.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button