Жаңалықтар

Пайдалы прототиптер жасады

Кеше Назарбаев университетінде «TOM: Nur-Sultan» мейкатоны өтті.

Елордада тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр­ған 72 сағаттық марафонда 7 топ бақ сынады. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыратын прототиптерді жасады.
– Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы интеллектуалдық кластерді дамыту. Мәселен, біздің Жастар ресурстық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясатын жүзеге асыру барысында түрлі жастармен жолығамыз. Сонда ғылыми-зерттеу қызметін мықтап дамыту қажеттігін түсіндік. Мейкатон секілді сайыстар осыған көмектеседі деп ойлаймын, – дейді «Астана жастары» ұйымының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.
Байқауда жастар ерекше көмекті керек ететін кісілерге арнал­ған механикалық арбаларды жетілдіріп, балдақ пен тайғанау­ға қарсы аяқ киімнің жаңа түрін ұсынды, сондай-ақ бір команда көзі көрмейтін адам­дар үшін мобильді қосымша ойлап тапса, енді бірі аяқ бұлшық еттерін жаттықтыратын аппарат жасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button