Жаңалықтар

Панфиловшылар туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап авторлары профессорлар Владислав Григорьев пен Лейла Ахметова.

Оқулық-практикалық басылым ретінде жарыққа шыққан жаңа кітапта қаһарлы 1941 жылғы қиян-кескі шайқасқа қатысқан жерлестеріміздің ерліктері туралы баяндалады. И.В.Панфилов атындағы 316 атқыштар – 8 гвардиялық дивизиясының майдандағы ұрыс қимылдарына жаңа көзқараста талдау жасалып, сонымен қатар панфиловшыларға қарсы тұрған неміс жағының да 60 күн бойғы күнделікті естеліктері мен құжаттары берілген.

Кітаптың таныстырылымында Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, жауынгер-интернационалист, запастағы генерал-майор Марат Марденов, тарихшы-ғалым Зиябек Қабылдинов өз ой-пікірлерін айтып, кітап авторларына алғыстарын білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button