Елорда тынысы

Панфиловшыларды еске алды

Астанадағы «Жерұйық» саябағында 1941 жылдың күзінде аты аңызға айналған қазақстандықтардың ерлігі мен ­батыр-панфиловшыларды еске алу рәсімі өтті. Салтанатты шараға елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Қарулы Күштердің ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Шарада «Өскелең ұрпақ тарихты ұмытпауы керек. Ең бастысы – жер бетіндегі бейбітшілікті қорғаған аты аңызға айналған жерлестердің ерлігі ұмытылмауға тиіс» деп сөз бастаған «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов панфиловшылардың ерлігіне тоқталды.

«1941 жылдың қазан және қараша айындағы ауыр қорғаныс шайқастарында қазақстандық дивизиялар өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындады. Олар анталаған жауды тежеп, резервтер мен оқ-дәрілерді, техника мен ауыр қару-жарақтарды тасымалдауға аса қажетті уақыт ұтуға мүмкіндік берді. Бұл әскерлердің желтоқсан айында жауға қарсы шабуылды дайындап, бастауды қамтамасыз етті. Бірақ шығын да аз болмады. 50 км-ден астам майдан шебінде қорғанысты табандылықпен ұстаған 312-дивизия толығымен қаза тапты. 1941 жылы 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Қызыл Ту орденімен марапатталды; 18 қарашада 316-атқыштар дивизиясына 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы атағы берілді; 18 қарашада Гусе­ново селосындағы бақылау орнында дивизия командирі, генерал-майор И.Панфилов қаза болды. 1941 жылы 23 қарашада 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы «генерал-майор И.Панфилов атындағы» құрметті атағына ие болды».

Гүл қою рәсімінен кейін іс-шараға қатысушылар қаза болған қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button