Елорда тынысы

Пара алғаны үшін сотталды

Пара алғаны үшін мемлекеттік кірістер органының бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның пара берушiнiң пайдасына қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін әрекеттері үшiн ақша түріндегі айтарлықтай мөлшерде пара алу (ҚК 366-бабының 2-бөлігі) фактісі бойынша Т.-ға қатысты қатысты істі қарады.

Айыптаудың мәні

Т. Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы лауазымын атқара отырып, қарамағындағылар арқылы «С» ЖШС директорынан артық төленген қосылған құн салығын қайтарғаны үшін 3 600 000 теңге көлемінде пара алды.

Сотталушының кінәсі өзінің қылмыстық әрекетін мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және іс материалдарымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор қосымша жаза тағайындай отырып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімі

ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 50-ден 60 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының шын ниетпен өкінуін, жас балаларының болуын және сотталғандығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты антын бұза отырып жасауы ауырлататын мән-жайлар деп танылды.

Сотталушы жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығын, мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді түсіргенін және оған нұқсан келтіргенін, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сондай-ақ, сот іс бойынша анықталған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға назар аударылып, тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы бойынша МКД басшысының атына жеке қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Сурет: https://365info.kz

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button