Құқық

Пара ұсыну – қылмыс

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті пара берушілерге қатысты 16 қылмыстық іс тіркеп, сотқа жолдады. 2 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылды.

[smartslider3 slider=1136]

Мәселен, қылмыстық тергеуді тоқтату үшін 100 мың теңге көлемінде пара бергені үшін елорданың 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ ведомство мәліметінше, патрульдік полиция полкінің экипажы қала көшелерін шолғындау кезінде «Mazda 323» маркалы автокөлікті тоқтатады. Ал аталған көліктің жүргізушісі техникалық байқаудан өтпегені үшін әкімшілік хаттама толтыртпау мақсатында пара беруге тырысқан. Жол ережесін бұзған «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі де дәл осындай жолмен әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруға әрекет жасаған. Бірақ полиция қызметкерлері аталған фактілердің жолын кесіп, заңға қайшы әрекеттерді қызметтік бейнетіркегішке жазып алған.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті пара бергені үшін айыппұл немесе 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарас­тырылғанын еске салады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button