Ел тынысы

Пара жүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды



17-19 мамыр аралығында Сингапурда пара жүзу бойынша әлемдік серия өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа 21 елден 126-дан астам спортшы қатысты. Елордалық пара жүзуші Сиязбек Далиев біріншіліктің екі дүркін қола жүлдегері атанды.

Сингапурда пара жүзу бойынша жіктеу әлемдік сериясы өтті. Ұлттық құрама құрамында Кенжебек Диас, Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

«Елордалық параспортшы Сиязбек Далиев жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша 50 м екі қолды ілгері қарай бірден сермеп кеудемен малту және 50 м арқамен жүзуден қола медальді жеңіп алды. Дүниежүзілік серия – Паралимпиадаға дейінгі норматив бойынша ең аз ұпай беретін жіктеу сайысы. Алда әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Ұлттық құрама лицензия алу үшін көп жұмыс істейді. Жақсы нәтижелерге үміттенеміз», – деді пара жүзу бойынша ұлттық құраманың бас бапкері Айдар Картпаев.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button