Басты ақпарат

Партия филиалының төрағасы сайланды

Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының жарлығымен таяуда елорда әкімі болып тағайындалған Алтай Көлгінов туралы қысқаша мәлімет беріп, оның кандидатурасын астаналық филиал төрағалығына ұсынды.

– Алтай Сейдірұлы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі ретінде өңірдің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Президент Әкімшілігінде де жауапты қызметтер атқарып, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен танылған. Сондықтан жаңа қызметте де биіктен көрінетініне кәміл сенеміз және табыс тілейміз, – деді М.Әшімбаев.
Конференцияға қатысқан 80 делегат аталмыш ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірді.
Өз кезегінде Алтай Көлгінов әріптестеріне сенім білдіргені үшін ризашылығын білдіріп, елордалық филиалдың алдында тұрған мақсаттар жөнінде әңгімелеп берді. Nur Otan партиясының ХVIII съезінде Елбасының тапсырмасымен айқындалған «Әл-ауқат қоғамы: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» жобалары бойынша елорда аумағында қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндап берді. Осы бағыттағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу қажеттілігін баса айтты.
Елорда әкімі Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, халық пен партиялас серіктестерінің сенімін ақтау үшін аянбай еңбек ететінін де жеткізді.
Конференция барысында қаланың басқа да белсенді азаматтары сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button