#Жаңа Қазақстан

Партия қатары толыға түсті

Respubliсa партиясы өкілдерінің үгіт-насихат сапары жалғасуда. Партия мүшелері өздерінің ReBus маркалы автобусымен елімізде 30 мың шақырым жолды жүріп өтті. Олар Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларын, сондай-ақ бірқатар ауылдарды аралап шықты.

Жалпы партия өкілдері еліміздің 18 өңіріне барып, тұрғындармен жан-жақты түрлі мәселелер бойынша әңгімелесті. Соңғы сапар Маңғыстау мен Ұлытау облысында өтуде. Кеше Павлодар облысы Қалқаман ауылында партияға өтуге бір мезгілде өтініш бергендердің саны нағыз рекорд орнатты. Халықпен кездесу нәтижесінде 200 азамат партия қатарына өтуге өтініш берді.

Партия атынан Парламент мәжілісі мен қалалық мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлер халықпен кездесуде бағдарламадағы жоспарларына сай мәселелерді көтеруде. Мәселен, Алматы қаласында өткен жиында қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ­Мадияр Жанысбаев әр қазақстандықтың дамыған қалада тұруға құқығы бар екенін жеткізді.

– Қалаларды азаматтардың өмір сүру сапасы бойынша рейтингілейтін жаһандық өмір сүруге қабілеттілік индексі бар. Ал еліміздің кез келген қаласы сияқты біздің Алматының да осы тұрғыдан алғанда, ең жоғары рейтингте тұрғанын қалаймын. Осылайша, инклюзия өмірдің барлық салаларын қамтуы керек, атап айтқанда, олар – білім беру, денсаулық сақтау, қалалық инфрақұрылым салалары. Зағип жандар немесе мүгедектер арбасындағы жандар, қарттар, балалы аналар – барлығы өздерін жайлы сезінуі тиіс. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандар спорт залдарға, театрларға, кинотеатрларға қауіпсіз жағдайда баруы үшін барлығы жақын әрі жол бойы ыңғайлы болуы керек, – деді Жанысбаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button