Жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАДЫ

_MG_5801

Тұңғыш президент күнінің қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында партия мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы болып өтті.

«Нұр Отан» партиясының 45 мүшесіне Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстады.

«Құрметті партиямыздың мүшелері! Сіздер бүгін «Нұр Отан» партиясының қатарын толықтыра отырып, өздеріңізге үлкен жауапкершілік жүктедіңіздер. Біздің қызметімізге қарап халық партияға баға береді. Мен сіздерге осы маңызды міндет жолында тек сәттілік тілеймін» деп ізгі ниетін білдірді Сапар Ахметұлы. Партия мүшелігіне қабылданғандардың арасында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры Сәрсенғали Әбдіманапов, «Халық банкі» Астана филиалы директорының орын­басары Жанар Рахимова, «Астана» ұлттық сурет гале­реясы директорының орынбасары Ермек Рахимов, «Тәуелсіздік сарайы» МҚҰ жобалар жұмысының ме­неджері Ринат Альжанов, «Тамара Тренд» ЖШС директоры Салават Беркінов, «Нұр Тау БО» ЖШС директоры Базархан Молдағожин және ЕҰУ студенттері бар.

Айта кететін жайт, мұндай салтанатты қабылдаулар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілді. Бүгін партия қатарына 1000 қазақстандық қабылданды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button