Елорда тынысы

Пәтерлер кілті табысталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдан келгенше баспана кезегінің тезірек жылжуына ықпал ететін бар мүмкіндіктерді қарастырып келеді. Соның дәлелі – қала күніне орай «Жағалау-4 полигон 4» тұрғын үй кешенінің үлескерлері жаңа пәтерге қоныстанды. Пәтер кілтін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мен мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов салтанатты түрде табыстады.

[smartslider3 slider=3433]

– Тұрғын үй кешенінің құрылысы 2012 жылы басталып, нысан құрылыс салушылардың кінәсінен 2017 жылы проблемалық деп танылған. 2022 жылы «Елорда құрылыс компания­сы» құрылысты аяқтады. Міне, 9 жылдан кейін 566 үлескер қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болды, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайды. Мысалы, 2018 жылы – 1100 пәтер, 2019 жылы – 2900 пәтер, 2020 жылы – 7000 пәтер, 2021 жылы шамамен 10 000 пәтер салынды. Жыл соңына дейін тағы 2000-нан астам үлескерге кілттер табыстау жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button