Қоғам

Патриоттық кездесу

Астана қаласындағы №13 орта мектепте Астана қаласының жастар саясаты басқармасының, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының ұйымдастыруымен арнайы патриоттық бағыттағы қойылым қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара Ұлы Отан соғысының 80-жылдығына арналды.
Қойылым бағдарламасына сәйкес, 7-8 сынып оқушылары үшін ерлік сабақтары көрсетілсе, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы мен Ерекше мақсаттағы әскери бөлім және «68665 Әскери бөлім», №23 Өрт сөндіру бөлімі, «Жас Арлан» клубы өздерінің дайындаған қойылымдарын көрсетті.

Оған Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, Қарулы Күштерінің запастағы офицерлері, ардагерлер, тәрбие жұмысы бойынша бригада командирінің орынбасарлары, «Динамо» ДСҚ өкілдері, өрт сөндіру бөлімінің басшылары және оқушылар қатысты.

–Жеңістің 80 жылдығы — бұл біз үшін үлкен тарихи мәні бар мереке. Ол Ұлы Отан соғысында қасық қаны қалғанша күрескен батырларымыздың, сол кездегі халқының қажырлы еңбегінің, қайсарлығы мен ерлігінің белгісі. Сондықтан жеңіс күні, біз тек ардагерлерімізді ғана емес, сонымен қатар сол кезде ауыр жағдайда еңбек еткен азаматтарды, майданда жүріп елге көмек көрсеткендерді, Жеңіс үшін күрескен барлық адамдарды еске алуымыз керек. Өткен күннің тарихын айту арқылы біз жастарымызға да патриоттық бағытта тәрбие бере аламыз. Олардың ұлтына, отанына деген сүйіспеншілігін оята алмаыз,–дейді №13 орта мектебінің директоры Гульмира Закирина.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button