Денсаулық

Пациенттерді қолдау қызметін білесіз бе?

Медицина ұйымдарында пациенттердің шағымдарын қарастыратын пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Олар қажет болған жағдайда пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

[smartslider3 slider=300]

Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандыру мәртебесінің болуын талап етсе, учаскелік дәрігер болмаған жағдайда сізді қабылдаудан бас тартса, учаскелік дәрігер/медбике немесе сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша тіркелген болсаңыз да, фельдшер үйге шақырту қызметін көрсетпесе, бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе жазба бір айға толық болса, денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертхана қызметтеріне жолдама берілмесе, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз. Сонымен қатар сізді жүргізілген тексерістің нәтижелерімен таныстырмаса, дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытып, өзін талапқа сай ұстамаса, көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз, егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз, өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз, жалпы медицина қызметкерлері мен медицина ұйымының қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса да осы қызметке жүгіне аласыз. Ал егер туындаған мәселені, сұрақтарды пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі шешпеген жағдайда қашанда fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және Saqtandyry-Bot мобильді қосымшасы секілді байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметіне жүгінуге болады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button