Жаңалықтар

Павлодарлық марафоншылардың мәресі

Жуырда Астана қаласында Павлодар қаласының №24 мектеп оқушыларының Же­ңіс күніне арнаған марафоны мәреге жетті. Пав­ло­дарлық оқушылар Ұлы Отан соғысы арда­­гер­­ле­­рінің құрметіне Павлодар-Астана-Бурабай ба­­ғытымен жүгіріп өтті.

Атаулы күндер қарсаңында спорт түрлерінен жарыс өткізу дәстүрі Павлодардағы №24 мектепте 16 жылдан бері үзілмей келе жатыр.
Салауатты өмір салтына мектепте айрықша мән беріледі. Әсіресе, жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, волейбол, велоспортқа және «тоғыз құмалақ» сияқты ұлттық ойындарға оқушылардың ниет-ынтасы бөлек.

Мектептің жеңіл атлетшілері Алматы, Көкшетау, Астана сияқты қалаларда өткен жарыстарға қатысты, тіпті, Ресейдің Омбы, Новосибирск қалаларында да болып қайтты.

Осындай спортшы, желаяқ құрдастарын астаналық №55 мектеп оқушылары мен осы шараның демеушісі «Ай-Су» корпорациясының өкілдері салтанатпен қарсы алды. Бұл да кездейсоқтық емес, өйткені, барлық заманауи талапқа сай №55 мектепті «Ай-Су» құрылыс корпорациясы салған.

Корпорацияның президенті Қ. Сапенов, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Ибраева балаларға денсаулық пен спорттық жетістіктер тіледі. Сосын қос мектеп және «Ай-су» корпорациясының атынан жасақталған командалар арасында аяқдоптан, волейбол, баскетболдан жолдастық кездесулер өтті. Шара соңында «Ай-Су» корпорациясының президенті Қонақбай Сапенов жеңімпаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button