Елорда тынысы

Педагогтар жалақысы өсті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша, оның ішінде ­Нұр-Сұлтанда мектеп мұғалімдерінің, колледж педагогтарының, бала­бақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы 25 пайызға артты. Бұрын педагогтардың жалақысы 2020 жылғы қаңтарда 25 пайызға және 2021 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға өскен еді. Осылайша мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.

[smartslider3 slider=1792]

«Біз мұғалімдердің жалақысын көтерудің сөзсіз оң әсерін көріп отырмыз. Біздің кәсібімізге – педагог кәсібіне қазіргі таңда үздіктер келеді. Педагогикалық мамандыққа түсетіндердің ҰБТ орташа балы айтарлықтай өсті және «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есеге көбейді. Мұғалімдердің еңбекақысын арттыру – ел болашағына үлкен инвестиция» деп атап өтті бірінші вице-министр Шолпан Каринова.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Президент Қ.Тоқаев тапсырғандай, барлық педагог жоғары жалақы алатын болады. Жалақымен бірге мұғалімдер алатын қосымша төлемдер де артады. Бұл – біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30 пайызынан 50 пайызына дейін), магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін төленетін үстемеақылар.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button