Басты ақпарат

ПЕНЗА ДА ПЕЙІЛДЕСІМІЗ

Бейсенбі күні Астана қаласының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Пенза облысының басшылығы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы ресми келісімге қол қойылды.

– Бүгін, міне, көптен жоспарлаған жобаларымызды жүзеге асыруға өзек болатын келісімшартқа қол қой­мақшымыз. Екіжақты келісім өзара іс-қимылымызды одан әрі дамытуға серпін беретініне сенімім мол, – деді кездесу барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Пенза облысының губернаторы Василий Бочкарев елордалық әріптестерінің қонақжай пейіліне жылы лебізін білдіріп, Астанамен әрқашан әріптестікке әзір екенін айтты. Ол өз сөзінде Қазақстан мен оның жас елордасының тауарлары, қызмет саласы Пен­за облысы ар­қы­лы Ресейге келуін хош көреті­нін, оған әрқашан қолдау көр­сетуге дайын екендікте­рін жеткізді. Сон­дай-ақ, өздеріндегі жер, мүлік салықта­рын жеңілдететін бағдар­ламалар Қазақстан жағына да тиімді бола­тынын атап өтті.

Қос тарап жасасқан келісім аясында Астанада Пенза облысының өкілдігін, ал Пенза облысы аумағында Астана қаласының өкілдігін ашу қарастырылған. Қала әкімінің айтуынша, мәдени саладағы әріптестік 2013 жылға жоспарланып отырған Пенза облысының Астанадағы мәдени күндерінен бастау алады. Келесі жылы облыс 350 жылдығын атап өтеді. Қолға алынатын шара осы мерейтойға арналады.

Екі жақтың ынтымақтастық құжатына қол қою рәсімінен кейін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Пенза облысының губер­на­торы Василий Бочкарев индустриалдық парк аумағындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойы­зын шығаратын, локомотив құрастыру зауыт­тарын және жаңадан салынған «ЖЭО-3-ті» аралап көрді.
Сонымен бірге, Пенза облысынан келген делегация Тәуелсіздік сарайы, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Астана-Арена» стадионы сынды маңызды нысандар мен және 1-2 желтоқсан күндері өтетін коньки тебу спорты бойынша Әлем Кубогына қызу дайындалып жатқан «Алау» мұз айдынына барып, заманауи құрылғылармен жабдықталған ғимараттардың сән-салтанатына куә болды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button