ДенсаулықЖаңалықтар

Pfizer келесі аптада жеткізіледі

Келесі аптада елімізге Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

[smartslider3 slider=744]

«Биыл 8-14 қараша аралығында Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде. Көлемі бұған дейін жарияланған келісімшарттағы міндеттемелерге сәйкес келеді. Бұл – 2 миллион адамға 4 миллион вакцина» деді М.Шоранов.

Құзырлы министрлік өкілі қазір өңірлермен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басқа вакциналар сияқты Pfizer әр өңірге халық санына қарай бөлінеді. Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер салдыра алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button