Денсаулық

Pfizer қашан жеткізіледі?

Дәл қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпенің үш түрі: «Спутник V», «Синофарм», «QazVac» салынуда. Енді жылдың төртінші тоқсанында америкалық Pfizer екпесін жеткізу жоспарланып отыр.

[smartslider3 slider=226]

Бұл туралы жақында ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел дамуының тұрақты негізі» деген тақырыпта өткен Жолдауды талқылау жиынында айтылды. Өткен айда отандық QazVac екпесінің 650 мың дозасы өндірілген. Осы айда оның 750 мың дозасы жеткізілмек. Бүгінде елімізде отандық екпені шығаратын екі өндіріс алаңы бар: бірі – Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт және «Антиген» кәсіпорынының базасы.  Аталған жиында биыл Қазақстанның тарихында тұңғыш рет «Биологиялық қауіпсіздік туралы» арнайы заң қабылданатыны да айтылды. Бұл жаңалық биоқауіппен күресте құқықтық негіз қалыптастырады. Сонымен қатар елдегі биоқауіпсіздікті болжаудың ұлттық орталығын құру жоспарланған. Осылайша биологиялық қауіптен қорғану бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік артады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button