ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ПИК-ТЕРГЕ БАЛАМА ТАБЫЛДЫ

ERA_6734

Қазіргі кезде Астана қаласының аудандарында «Есіл-Өркен», «Сарыарқа-Өркен», «Алматы-Өркен» басқарушы компаниялары құрылды. Құрылтайшысы – «Өркен қала» ЖШС. Аталған компания жұмысының мақсаты – тұрғын үй қатынастарының жаңа жүйесін құру. Осылайша, басқарушы компаниялар белгілі бір жобалар әзірлеп, осы бойынша ПИК-тер де жұмыс істей алады.

Бүгінде халықтың ПИК-терге төлейтін қаржысының 70%-ға жуығы олардың қызметкерлерін ұстауға кетсе, тек 30%-ы ғана тұрғын үй  қажеттілігіне жұмсалады екен. Сондықтан, осы олқылықтың орнын толтыруға ұмтылған басқарушы компаниялар сервистік компаниялармен ынтымақтастық орната отырып, слесарь, электрші, сантехник, тағы басқа да жұмысшыларды қысқартады. Есесіне, оларға шығындалатын  қаржының басым бөлігін  тұрғын үйлердің инженерлік желілерін  жөндеуге, айналасын абаттандыруға бағыттайтын  болады.

Басқарушы компанияның қызметіне ауысу туралы шешім пәтер иеленушілердің  басым дауысымен қабылданады. Сондай-ақ, пәтер иелері төлем тарифін, кіреберістерді, үй маңы аумағын, инженерлік желілерді, жылыту жүйелерін тазалау жөніндегі  сервистік компанияларды да өздері таңдайды.

 Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button