БілімЖаңалықтар

Пікірсайыс оқушыны шыңдайды

Тұңғыш Президент күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және Елбасы Академиясының ұйымдастыруымен елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында кезекті ұлттық пікірсайыс турнирі өткізілді.

[smartslider3 slider=419]

Турнирге ширек финалға жолдама алған 15 команда қатысты. Олар: №67, 59, 82, 85, 87, 32, 74, 10, 60, 3, 75, 20, 22, 68, 9 және НЗМ мектеп командалары. Сақадай сай келген команда мүшелері ойынға аса сабырлылық пен үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Төрешілердің шешімімен, «Үздік спикер» атанғандар – «Фемида» командасының мүшесі Нұршат Жалғасбаева және «Зерде» командасынан Ақнұр Жанболатқызы және №3 гимназия қатысушысы Александр Ракутин.
Қазақ лигасы финалистері – №10 мектеп-гимназия командасының мүшелері  Виктория Шнейдер, Жанна Какенова. Жеңімпаздар «Фемида» командасы ойыншылары – Кенжегүл Марал, Нұршат Жалғасбаева. Орыс лигасы финалистері – №59 мектеп-лицейінен Асылбек Акчабаев, Әйгерім Ошақпай. Жеңімпаздар №60 мектеп-лицейі ойыншылары – Анвар Ахметов мен Қайсар Мырзаханов.
Қалалық кезеңнен оза шапқан пікірсайысшылар республикалық турнирге жолдама алды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button