Шаһар шежіресі

Пионерлер жоқ, үйі әлі тұр

XX ғасырдың 60-шы жылдары салынған екі қабатты тастан жасалған ғимарат елорданың ескі алаңында Бейбітшілік көшесінде орналасқан.

[smartslider3 slider=2069]

Бастапқыда ғимарат Пионерлер үйі болды. Онда 1985 жылға дейін Целиноград қаласының пионерлер ұйымы орналасты. Пионерлер үйі Кеңес Одағының Батыры Юрий Малаховтың есімімен аталды (1925-1944 жж.). Теңдесі жоқ шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Ю.Н.Малаховқа қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Пионерлер үйінде балалар үйірмелері мен клубтарының бүкіл жүйесі жұмыс істеді, олардың ішіндегі ең танымалы – «Халықаралық достық клубы» болды. 1985 жылдан кейін ғимаратта қалалық халыққа білім беру бөлімі, ал 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік резиденциясының дирекциясы, «Алатау» қонақ үйі» АҚ, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы орналасты.

[smartslider3 slider=2072]

Жоспар бойынша тікбұрыштан тұратын, екі қабатты тастан жасалған ғимарат «постмодерн» стилінде жасалған және симметриялы композиция болып табылады. Декорацияда сәндік бағандары бар пилястер кеңінен қолданылады. Портал қос бағандармен ерекшеленеді және бас қасбеттің ортасында орналасқан. Негізгі қасбеттің ешбір артықшылығы жоқ, тартымды безендірілген. Қасбеттің бұрыштары екі еселеніп, сопақша аяқталып келтірілген пилястерлер назар аудартады. Қасбеттерге сылақ кеш жағылған, сол жақ қанатынан екінші қабат тұрғызылған.

«Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК жанындағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығының мәліметі бойынша, ғимарат 2003 жылы қайта қалпына келтірілді. Алайда бастапқы көрінісі сол күйі сақталды. Пионерлер үйі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады әрі сәулеттік-көркемдік құндылыққа ие.

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button