Мәслихат

Питомник жағдайымен танысты

Астана қаласы мәслихатының бір топ депутаты арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы жанында орналасқан иттер мен мысықтарға арналған питомник жағдайымен танысты. Бұған қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов, «Көктал-2» тұрғын алабының белсенді тұрғындары қатысты.

Питомник жетекшісі Мария Гребенкинаның айтуынша, онда 4800 ит пен 1500 мысық бар. 2500-ге жуық ит қоршауда емес, питомник аумағында еркін ұсталады екен. Қоршаудан шығып кетіп, үйірімен жүріп, «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғындарын үрейлендіретін жағдайлар да жиі кездеседі. Питомниктің маңайында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектеп салынды. Сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды.

Қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Смайылов мәслихат отырыстарында бірнеше рет питомниктің қала сыртында болуы керегі туралы мәселе көтерді. «Шын мәнінде, бейсауат иттердің проблемасы – біздің округтегі ең өзекті мәселенің бірі» дейді ол. Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұловтың айтуынша, жаңа питомникті жобалау үшін 2-ЖЭО аумағында 2 гектар жер телімі бөлінді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button