ЖаңалықтарҚала мен Сала

Пластик бөтелкелер қайда жөнелтіледі?

Осыдан бір ай бұрын  Астанада пластик жинауға арналған 700-ге жуық контейнер орнатылды.  Алғашында 50 тұрғын үй кешеніне, ал жыл соңына дейін елордадағы барлық 588 тұрғын үй кешеніне орнату жоспарланған.  Контейнер алаңқайларының жалпы саны 686 болады.

020

«Астана-Тазарту» мекемесінің бас директоры Иван Лавриненконың айтуынша, өткен жылы осыған ұқсас пилоттық жоба іске қосылған болатын. Яғни, пластик, қағаз және шыны жинауға арналған үш контейнер аулаларға қатар қойылған. Бұл өз кезегінде қоқысты сұрыптап жинауға тәрбиелейді. Дегенмен, тұрғындар үшін қолайсыз болғаны жасырын емес. Сондықтан бұл жүйені біртіндеп енгізу қолға алынды.
Жасыратыны жоқ, елімізде жыл сайын 600 млн тоннаға жуық қоқыс тасталады екен. Бүгінде шағын қалалардың өзінде 20 тоннаға жуық пластиктен жасалған шөлмектер қоқысқа лақтырылады. Табиғат жа­на­шырларының айтуынша, қоқыстың табиғатта бұзылу мерзімі өте ұзақ уақытты алады. Мәселен, күнделікті өмірде қолданып жүрген бір реттік қағаз ыдыс – бес жыл, қаңылтыр қалбыр – жүз жыл, ал қарапайым пластик шөлмек – бес жүз жылдан кейін құрыса, шыны шөлмек ешқашан бұзылмайтын көрінеді. Елорданың стратегиялық жоспарында қал­дық-тарды азайту және тазарту коммуналдық шаруашылықтың басты міндеті болып белгіленген. Дәл қазіргі күні өндіріс және тұтыну қоқыстары бірнеше пайызға өскен. Сондықтан алдағы уақытта жойылатын қалдықтарды азайту мәселесі қарастырылуда.
– «Астана -Тазарту» ЖШС қолға алған жоба жылдың соңына дейін жалғасады. Арнаулы контейнерлерге салынған қоқыстар, әзірге ел­орданың қоқыс полигонына жолданады. Бұйыртса, 2017 жылдың II тоқсанында елордада қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт іске қосылғаннан кейін, сонда жөнелтілетін болады, – дейді Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қалдықтарды басқару бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button