Мәдениет

Плей-офф кезеңіне өтті

Өткен демалыс күндері футболдан Қазақстан кубогының бесінші туры аяқталды.

[smartslider3 slider=3684]

 Елорданың «Астана» клубы бірінші лиганың «Жетісу» командасын қабылдап, ұпай бөлісті. Бұл ойында талдықорғандықтар есепті ашқан болатын, алайда «астаналық» Жереми Манзорро араға төрт минут салып таразы басын теңестірді. Осылайша бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталған. Ал, екінші таймда қос қарсылас бір-біріне есе жібермей ойнады. Матч тағдыры 90-ыншы минуттан кейін шешілді. Атап айтқанда, сол Манзорро 91-інші минутта пенальти соғып, елодалықтарды алға шығарған еді. Жанкүйер қауым осымен ойын бітті ғой деп орындарынан қозғала да бастаған. Алайда, 95-інші минутта «Жетісу» шабуылшысы Нұрберген Нұрбол тамаша гол соғып, есепті теңестіріп кетті.

«Ақтөбе» – «Мақтаарал» (Түркістан облысы) 1:0, «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 1:3, «Тұран» (Түркістан) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:2.

Бесінші турдың нәтижесінде әзірге «Қайрат», «Тараз», «Мақтаарал», «Шахтер» және «Астана» командалары плей-офф кезеңіне шықты. Плей-офф кезеңіне шығатын келесі үш команда осы аптада өтетін соңғы алтыншы турдың нәтижесінде белгілі болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button