Құқық

Полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі

Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру барысында “Anti-fraud” жедел алдын алу шарасы аясында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 20 жастағы дропперді ұстады. Ол қылмыстық топқа шоттарға қол жеткізу үшін деректер мен банк карталарының реквизиттерін берген. Белгілі болғандай, бұл алаяқтық схемаға қала тұрғыны тап болған.

Жәбірленушіге белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар оның шотына кибершабуыл жасалғанын айтып, оны болдырмау үшін қаражатты қауіпсіз шоттарға аудару керектігін хабарлаған. Жәбірленуші сеніп, алаяқтар көрсеткен шотқа 1 млн теңге көлемінде ақша аударған. Алайда ақша аударылғаннан кейін, күдіктілер байланысқа шықпай қойған. Қылмыстық істі тергеу барысында елорда киберполиция қызметкерлері алаяқ көрсеткен шоттардың бірінің иесін және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полицейлер ұсталған азаматтың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Егер сізге белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері немесе полиция ретінде таныстырса, әңгімені тоқтатып, жақын маңдағы полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button