Әлеумет

Полиция бекеті ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында А.Янушкевич көшесі, 10 мекенжайында №20 учаскелік полиция пункті ашылды. Әкімдіктің қолдауымен іске қосылған бұл пункт Наурыз мейрамы қарсаңында өз жұмысын бастады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы Полиция департаментінің бас­тығы Марат Төлебаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді қатысты.

«Учаскелік инспекторлардың жұмысы тұрғындар үшін барынша қолжетімді әрі ашық болуы тиіс. Жаңа учаскелік пункттердің ашылуы полицияның өтініштерге жедел жауап беруіне, алдын алу шараларын уақытылы жүргізуіне және халықтың сенімін арттыруға мүмкіндік береді» деді Марат Төлебаев.

№20 учаскелік пунктінің қызмет аумағына үш балабақша, ондаған тұрғын үй кешені мен жоғары оқу орындары кіреді. Жалпы аумағы 75 шаршы метр­ді құрайтын жаңа пунктте учаскелік инспекторлар кабинеттері, азаматтарды қабылдау бөлмесі және кезекші қызметкерлерге арналған орындар қарастырылған. Мұнда бес полиция қызметкері жұмыс істейді, олар өздеріне бекітілген аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етеді.

Ернұр Қайнар

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button