Ел тынысы

Полицияға өтірік айтқаны үшін 5 жылға сотталуы мүмкін

Астана тұрғыны көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ер адам «102» арнасына телефон соғып, Тәжікстан азаматы пәтерінде теракт ұйымдастырмақ болғанын хабарлады. Экстремизмге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жалған хабарлама берген 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Осы факт бойынша, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жалған ақпарат берген азаматтың орташа дәрежедегі мас күйде екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Лаңкестік актісі (ауыр қылмыс) дайындалып жатқаны туралы жалған хабар бергені үшін Қылмыстық кодекс бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button