Sport

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ПРЕЗИДЕНТТІК МИЛЬ» ЖҮГІРДІ

IMG_5170

Кеше Астана қаласының Ішкі істер департаментінің 200-ден астам полиция қызметкері Тұңғыш Президент күніне арналған «Президенттік миль» дәстүрлі бұқаралық жүгіруге қатысты.

«Қазақ Елі» монументінен басталған жүгіруді Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров бастап шықты.

Қала көшелерімен жүгірген полиция қызметкерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан қойылған музыка әуені, сонымен қатар әріптестері мен олардың отбасы мүшелері демеу беріп отырды. Көше бойында жүрген қала жұртшылығы да жүгірушілерге қол соғып, қолдау білдірді.

«Президенттік миль» мәресіне жетісімен, тәртіп сақшылары бірін-бірі  Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күймен бөлісті.

«Мемлекеттік мерекелер қарсаңында полиция қызметкерлері арасында бұқаралық спорт шараларын өткізу дәстүрімізге айналған. Бұл мереке – ерекше. Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен тығыз байланыс­ты. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайы өркендеп, жұртшылықтың тұрмысы жақсарып келеді. Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесін тойлау бірліктің артуына, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған мақсаттар мен мұраттарға жетуге, патриоттық сезімді нығайтуға серпін береді. Бүгінгі жүгіруіміз де сол берекелі бірлік пен еңбектің бір көрінісі деп ойлаймын» деп атап өтті шараны түйіндеген Ішкі істер департаментінің бастығы А.Әубәкіров.

Арман ОРАЛҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button