Жаңалықтар

Полицейлерге құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Е.Саденов ішкі істер органдарының ардагерлері мен елордалық полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, наградалар табыстады.

[smartslider3 slider=1451]

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қызметте ерекше көзге түскен полицейлерге медальдар, грамоталар және алғыс хаттар табыс етілді. Нұр­Сұлтан қаласы ПД айдауыл қызметі взводының полицейі, полиция аға сержанты Ербол Қалақов, патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Ардан Рысбеков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Тылдық қамтамасыз ету басқармасының полиция аға сержанты Нұритден Әлиев, Алматы ауданы Полиция басқармасының старшинасы Нұрлыбай Сағындықов II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қабылдау­тарату орнының полицейі, полиция аға сержанты Мамадияр Тастаев, жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Рымбаев ІІМ грамотасымен марапатталды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button