Жаңалықтар

Полиция арулары марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакенов полиция қызметкерлерін марапаттады.

[smartslider3 slider=2170]

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің қызметкерлеріне қызметтегі жетістіктері мен халыққа қалтқысыз қызметі үшін полиция подполковнигі Г.Шрахметова, полиция майоры А.Ибраева, полиция капитаны Д.Тайғожина, полиция капитаны Т.Айтбекованың еңбектері еленіп, кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталды. Әкімшілік құттықтауын табыстаған қала әкімінің орынбасары Берік Жакенов кездесу барысында проблемалық сұрақтарды талқылады.

Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз немесе басқа бір адамға жасалғанын білсеңіз, 102 каналына және Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің сенім телефонына 71-60-63 хабарласуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button