Елорда тынысы

Полиция көлігі көбейеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қала күзетінде тұрған тәртіп сақшыларының қолайлы жұмыс істеуіне арналған бірқатар шараларды атап өтті.

[smartslider3 slider=2954]

«Бірінші. Жергілікті полиция қызметкерлерінің жалақысын көтереміз.

Ағымдағы жылы жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында жеке ғимараттар беріліп, Есіл ауданының полициясы үшін және полиция департаментінің бөлімшелері үшін ғимараттар салынды.

Екінші. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылы полиция департаментіне тағы 54 патрульдік автокөлік сатып алып, беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 3 жыл ішінде 140-қа жуық патрульдік автокөлік, 1600-ге жуық электронды техника сатып алынды.

Үшінші. «Қадамдық қолжетімділік. Қауіпсіз қала» жобасы.

Өткен жылдың басынан бері қала бойынша 10 модульдік және 12 учаскелік полиция пункті орнатылды. Биылғы жылы тағы 5 учаскелік пункт жоспарланған. Сонымен қатар, камераларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл беріледі. Ағымдағы жылы тағы 1,5 мыңға жуық камера орнатуды жоспарлап отырмыз.

Барлық аталған шаралар қала тұрғындарына жедел көмек көрсетуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді» деп жазды елорда әкімі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button