Қоғам

Поляк ғалымдары Қазақстанда тәжірибесімен бөліседі

Жаңа оқу жылында шетелдік ғалымдарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы бойынша отандық таңдаулы университеттерге 10 шетелдік мамандардың келуі жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған бағдарлама аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Мария Гжегожевская университетінің (Польша) қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Ева Дорота Дуданы қарсы алды. Профессор Ева Дуда білім алушыларға ғылыми зерттеудің әдістері және академиялық жазылым бойынша дәріс-семинарлар жүргізу, профессор-оқытушылар құрамына семинар-тренингтер өткізу және білім беру бағдарламасы бойынша рецензиялау жұмыстарын жүзеге асырады.

Сондай-ақ биылғы оқу жылында визитинг-профессорлар университеттің ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамыту мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, мақалалар әзірлеу, жас ғалымдардың гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу үшін кеңес береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button