Ел тынысы

Прагаға рейстер ашылды



Ертеңнен бастап Астана әуежайынан Прагаға алғашқы рейс ұшады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Жолаушылар  Boeing-737 әуе кемесімен ұша алады.

«Рейс Астанадан 8:30-да ұшып шығып, Прагаға жергілікті уақытпен 10:25-те барады. Ал Прагадан Астанаға 11:15-те ұшып, межелі жерге кешкі 20:10-де қонады. Бұл көптен күткен бағыт Қазақстан тұрғындарына Чехияның әдемі астанасына, сондай-ақ Чехия тұрғындарына әлемдегі ең жас астаналардың бірі – Астана қаласын көруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Рейстерді «Scat» әуе компаниясы орындайды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button