Ел тынысы

Президент Астанадағы университетке қатысты шешім қабылдады



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы өнер саласында білім беретін оқу орындарының бірі туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кеше Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Ең алдымен ол шараға жиналғандарды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.

– Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы «Мәдениет тарихы – түптеп келгенде адамзат тарихы» деген. Қазақтың бітім-болмысын оның төл өнерінен көруге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын барысында Президент халқымыз дарынды ұл-қыздарын қашанда қадірлей білгеніне назар аударып, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімін беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

– Бұл – әйгілі әншіге көрсетілген зор құрмет әрі ерекше өнерімен тарихта қалған тұлғаларға ел ықыласының айрықша белгісі. Түптеп келгенде, мұны тарихи әділдікті қалпына келтіру деп түсінген жөн. Аға буынның өнердегі жолын қазіргі жастарымыз да лайықты жалғастырып келеді. Осы сабақтастықты сақтау өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы жиында мәдениет пен өнер саласына еңбек сіңіріп жүрген көптеген азаматтар Президенттің қолынан мемлекеттік наградалар алды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button