Мәдениет

Президент кубогы: алғашқы нәтижелер

16 тамыз күні елорданың «Барыс Арена» спорт сарайында хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» турнирі басталды. Алаң иесі астаналық «Барыс» алғашқы ойында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен кездесіп, 3:4 есебімен есе жіберді.

[smartslider3 slider=3767]

Бір өкініштісі, «Барыс» қосымша уақытта, яғни овертаймда қақпасына төртінші шайбаны жіберіп алды. Астаналық команда сапында Никита Михайлис, Джереми Бракко және Энтони Луис бір-бір шайбадан соқты. Кеше «Барыс» Нижнекамсктың «Нефтехимігін» қабылдады. Бұл команда да алғашқы ойында Магнитогорскінің «Металлургінен» 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Сондықтан қос қарсыласқа жеңіс ауадай қажет. Ал турнир 19-тамызға дейін жалғасады. 

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button