Қоғам

Президент сөзі халқымызға сенім сыйлады

Бүгінге дейін отандастарымызды алаңдатқан негізгі сұрақтар: «Қазақстанда АЭС-ті кім салады?», «Олардың тәсілдері мен құрылғылары заман талабына сай ма?», «Ел тұрғындары үшін қауіпсіз бе?» деген сыңайда болды.

Бүгін Мемлекет басшысы бұл сұрақтардың біршамасына жауап беріп, егер референдум қорытындысы бойынша елімізде АЭС салынатын болса, оның құрылысымен ең озық технологиялармен жарақтанған әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум айналысуға тиіс екенін, Үкіметіміз бұл іске тиянақты талдау жасау керектігін айтты. Меніңше осы сөздер алаңкөңіл халқымызға айтарлықтай сенім сыйлады.

Мен Астанадағы 277-ші сайлау учаскесінде өз таңдауымды жасадым.

Серік СЕЙІТМАН

«ALQA» радиосының Бас редакторы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button