Ел тынысы

Президент сыйлық берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала ұлттық ­ғылыми орталығындағы смарт-сыныптың жұмысымен танысты. Мұнда ем алып жатқан жасөспірімдердің «Ақылды сынып» арқылы оқудан қол үзбеуге мүмкіндігі бар.

Мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады. Музыканың және ертегілердің көмегімен терапия сабақтары, түрлі шығармашылық ойындар мен шахмат үйірмесі өткізіледі. Бұл – баланың ақыл-ойын дамытуда таптырмайтын құрал.

Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті. Әрі жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылының аясында білім, денсаулық сақтау, спорт және басқа да салада жеткіншектерге көңіл бөлінгенін айтып, бұдан әрі де қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.

Президентке балалар бөлімшелерінде 351 бала ем алып жатқаны туралы баяндалды. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделді. Кейінгі 3 жылда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына 30-дан астам жаңа медицина технологиясы енгізіліп, мамандары шетелде біліктілігін жетілдірді.

Кездесу соңында Президент балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button