Жаңалықтар

Президент Жарлығымен ҚР Жер кодексіне өзгертулерге 5 жыл мораторий бекітілді

Akorda

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлық ҚР Жер кодексінің өзгерістеріне мораторийді бес жылға ұзартты.

 

Толық мәтін:

 

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы етемін:

  1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті                      Н. Назарбаев

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button