#Күшіміз-бірлікте

Президенттің айналасына топтасуымыз қажет

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің батыл әрі уақытылы шешімдері Қазақстанның бейбіт және қалыпты өмірге тез оралуына мүмкіндік беретінін айтты. Сенат спикері бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

[smartslider3 slider=1748]

«Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан біраз азаматымыздан айырылып қалдық. Соған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Парламент Сенатының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың туған туыстарына қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз. Осындай күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл – жағдайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам» деді М.Әшімбаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button