Қоғам

Президенттің кадрлық резервіне іріктеу ережесі өзгертілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының Жоғарғы қолбасшылығы мен басшылығының Президенттік резервіне кандидаттарды іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, енді Президенттік резервке үміткерлерді іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау, олардың қызметтік қызметінің нәтижелері және аттестаттау шешімі негізінде ғана жүзеге асырылмайды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген өлшемдер бойынша кадрлық ақпараттық жүйе арқылы жиналған ұпайлар да есепке алынбақ.

Ал арнаулы мемлекеттік органдарында Президенттік резервке кандидаттар жеке және іскерлік қасиеттеріне, жұмыс нәтижелеріне және аттестаттау комиссиясының шешіміне қарай іріктеледі.

Жарлық 2024 жылдың 31 шілдесінде күшіне енді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button