Жаңалықтар

ПРИБАЛТИКАНЫ АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСҚАН

Әлемді оқ пен отқа ораған екінші дүниежүзілік соғыс адамзат жүрегіне жазылмас жара салып, қаншама адамның тағдырын тас-талқан етті. Отан қорғау мақсатымен майданға аттанып, жанын салған сарбаздардың бірі менің атам еді.

Атам Дүйсенбай Болатбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, қазіргі Ақбиік ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін халық-ағарту саласында жұмыс істейді. 1941 жылы Ақтөбеде 101-атқыштар бригадасы қатарына шақырылды. Ленинградқа бір жылдық барлау мектебіне оқуға жіберілді. Оқып жүріп старшина шеніне ие болады. Бірақ, барлау мектебін аяқтауға мүмкіндік болмай, алты айдан соң соғысқа аттанып кетеді. Алғашқы соғыс жылдарында жаяу әскер қатарында болады. Кейіннен барлаушы қызметін атқарады. Содан соң артиллерияға жіберіліп, соғыстың алдыңғы шебінде жүреді. Балтық теңізі жағалауындағы шайқасқа, Прибалтиканы азат етуге қатысады. 1944 жылы Эстонияның Шауляй қаласының маңындағы ұрыста басына снарядтың ұшқыны тиіп, қатты жараланады. Арнайы емделу үшін әскери госпитальға жіберіледі.  Алты айдан кейін «соғысқа жарамсыз» деген тиісті комиссиялық құжат беріліп, еліне оралады.

Мен атамды мақтан етемін! Қазіргі кезде ардагерлер қатары сиреп барады. Осы майдангерлер бізге бақытты болашақ сыйлады.

Олжас Дүйсенбай,

№53 мектеп-лицейінің

6-сынып оқушысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button