Елорда тынысы

Проблемалы нысандарды аралады

Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандар соңғы кезде қайта жандануда. Бас шаһар басшысы Алтай Көлгінов осындай алаңдардың бірі – «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты.

[smartslider3 slider=3316]

 Кезінде түрлі себеппен тоқтап қалған тұрғын үй кешендерін аяқтау бойынша бүгінде елордада ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қаланы аралау барысында Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған осындай бірнеше нысанның проблемасымен жақынырақ танысып, мән-жайды көзімен көріп қайтты.

– Құрылысы ұзаққа созылған бұл нысанда 300-ден астам үлескер отбасы бар. Олардың бәрі жылдар бойы баспаналарын күтіп келеді. Мәселен, «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмысын аяқтау үшін инвестор жұмылдырылды. Витраждарын, терезелерін орнату, ішкі желілерді жүргізу жұмысы жүріп жатыр, бір жерінде жабынын төсеу, сол сияқты монолитті жұмыстар және т. б. атқарылуда. Тұрғын үй кешенін биыл аяқтау жоспарланып отыр, – деді әкім.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button