Құқық

Прокуратура үлескерлердің құқықтарын қорғауда

Елордада 6 мыңнан астам адам салымшы болып табылатын тұрғын үй кешендерін заңсыз салу объектілері анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қала прокурорының орынбасары Булат Мизанбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда.

Сот прокурордың құны 7 млрд. теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы 8 талабын қанағаттандырды.

Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асыратын 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, рұқсат құжаттамасы болмаған жағдайда үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған «Qurmangazy» тұрғын үй кешенін бөлшектеуге қол жеткізілді.

Өз кезегінде, құқық белгілейтін құжаттардың бар екеніне және дайын және салынып жатқан тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсатты сілтеме бойынша өту арқылы алуға болады https://homeportal.kz/shared-construction-objects.

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button