Қала мен СалаҚала тіршілігіҚоғам

«Промышленный» проблемалары шешіледі

Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмырзаев «Промышленный» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді тыңдады.  

[smartslider3 slider=872]

Аталмыш тұрғын алап халқын газбен қамту, абаттандыруды қалпына келтіру, жарықпен қамту, санитарлық жағдай, балалар алаңдарын абаттандыру, аула клубтарын ашу сияқ­ты мәселелер мазалайды. Аудан басшысы кездесуде айтылған барлық проблемалардың шешілу жолдары қарастырылып, бақылауға алынатынын айтты. «Промышленныйда» тағы екі газ таратушы шкафтың қосылғанын хабарлап, олардың қамтитын шекарасын көрсетіп берді.

Бірінші шкаф Р.Қошқар­баев даңғылы және Көкжелек көшесін және Н.Ахметбеков пен Қордай көшелерін газбен қамтиды. Ал екіншісі Н.Ахметбеков-Шалкөде, Шарбақты-Қордай көшелеріне газ таратады.

Осы аумақтардың тұр­ғындары үйге газды қосуға өтініш беру үшін «КазТрансГаз Аймақ» (Рес­публика даңғылы, 24, «Парасат» БО) АҚ-қа бару керек. Толық мәлімет алу үшін 55-89-75, ішкі 1530, 1527, 1534 телефондарына хабарласуға болады.

Жалпы Алматы ауданы бойынша бүгінгі күні сегізінші қосылу кешенінің 9 газ таратушы шкафы газбен қамтамасыз етілді. Тиісті жұмыс жалғасып жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button