Қоғам
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделін енгізуде
ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін оқытуға тең қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Жаңа ережелерге сәйкес білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі іске асырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл шаралар оқуда қиындықтары бар барлық балалар үшін білім беру қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделінің арқасында балалар өздерінің қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне барынша сәйкестендірілген қолдау алады», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Аталған шаралар әрбір бала үшін өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырад