Жаңалықтар
ПТР-тест арзандады

Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті. Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті.
[smartslider3 slider=1592]
Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, агенттік баға жағдайын бақылау және COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауды жалғастырып жатыр.
«2021 жылғы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» РМК COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бағасын 6400-ден 4900-ге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді» делінген хабарламада.