Жаңалықтар

Пункттерден 4785 адам ақыл-кеңес алды

Ұлан НАУШАБАЕВ, «Жұмыспен қамту орталығы» МКМ-нің Жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің меңгерушісі:

–Биыл халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты кісі қарасы мол жерлерден Жұмыспен қамту орталығының пункттері ашыл­ға­нын­­ байқадық. Нәтиже қандай?

–Иә, биылдан бастап «Сапаржай» автовокзалында және Сарырарқа, Есіл аудандарының халыққа қыз­мет­ көрсету орталықтарында «Жұмыс­пен қамту бағдарламасы-2020» бағ­дар­ламасы жөнінде азаматтарға кеңес беретін пункттер ашқанымыздың арқа­сында елорданың еңбек нарығын реттеу мүмкіншілігі кеңейе түсті. Өйткені, қайта даярлау курстары бар екенін, елордаға қандай кадр­лар­ жетіспей жат­қа­нын жалпақ жұрт біле бермейді. Ал аяқтай барып, жөн сұрауға уақыт тапшы. Сондықтан халыққа біртабан болса да жақындайық деген оймен осылай ұйымдастырдық. Ашылғалы бері аталмыш пункттерден 4785 адам ақыл-кеңес алды. Есіл аудандық ХҚО-дан­ – 1260, Сарырқа аудандық ХҚО-дан – 2191, «Сапаржайдан» – 1366 адам қызметімізді пайдаланды.

-Сондай-ақ жиі-жиі жәрмеңке өткі­зіп тұрасыздар. Жұрт іздеген жұмысын тауып жатыр ма?

-Әрине. Мысалы, күні кеше ғана 19-20 маусымда өткен қажет маман­дық­тар жәрмеңкесіне саналуан қызмет көрсету түрімен айналысатын 54 жұмыс беруші қатысып, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ұсынды. Екі мыңға тарта адам келді. Әсіресе, жоғары оқу орнын енді бітірген жастар көп. Жәрмеңке қорытындысы бойынша­ 321 адамға жұмысқа жолдама берілді. Жастарды кәсіпке бейімдеуге жоғарғы оқу орындары да белсене атсалысты.

– Биыл қандай жаңа мамандықтар оқытылады?

–Техникалық мамандықтар, газ­электр­дәнекерлеуші, ағаш шебері, құры­­лыс­шы сияқты қарапайым жұмыс­­шы мамандықтар қашан да­ керек. Мысалы, 19 маусымда Үкімет қаулысымен «Жұмыспен қам­ту­дың жол картасы – 2020» бекі­тілді. Астанада соның бірінші бағы­ты­ бойын­ша,­ яғни, әлеуметтік-мәде­ни инфра­құ­рылымдарды салу мен жөн­деу, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шы­лы­ғын модернизациялауға көңіл бөлу арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ал үшінші бағыты бұрынғысынша қажет мамандықтарды қайта даяр­лау­ға арналып отыр. Олардың тізімі қажеттілікке қарай реттеліп отырады. Мәселен, Астанада мемлекеттікпен қоса, жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар ашылуда. Яғни, тәр­биеші мамандығы керек. Есеп­ші­ маман­ды­ғы­на сұраныс көп. Сон­дай­-ақ, EXPO-2017 қарсаңында такси жүргізушісі, аудармашы-гид маман­дық­тарын қосып отырмыз. Биыл шамамен 400-ден астам адам қысқаша оқу курсынан өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button